(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ СТАНДАРТЫ 2007.12.1...

Осы редакция 2009 жылғы 12 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы

12 қазандағы № 288 бұйрығына

8-қосымша

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандарты

 

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу

және қайта тіркеу туралы, заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына енгізілген

өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу туралы құжаттарды ресімдеу»

(2009.11.02. берілген өзгерістерімен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік тiркеу субъектiлерге заңды тұлға мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу). Субъектілердің заңды тұлға құқығын иеленуінің ресми айғағы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне заңды тұлға туралы деректердi енгізу және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) берілген мемлекеттік тiркеу туралы куәлiгі болып табылады.

Тiркеу барысында заңды тұлғаны құрудың, филиалды немесе өкiлдiкті ашудың мақсатқа сай екендігі назарға алынбайды, оның өндiрiстiк-шаруашылық және қаржылық қызметiн бақылау және оған араласу көзделмейді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660 қаулысы, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4625 болып тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.